Стамбұлда ұшақ апатынан 3 адам қаза болып, 179 адам жараланды

09:47, 6 ақпан 2020

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Стамбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 179 жолаушы зардап шекті.

Бортта 177 адам болған, деп жазады centralasian.org.

"Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен", - деді Стамбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.

5 ақпан күні кешкісін Измир-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келген "Боинг" ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.

Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!