Союзмультфильм киімдер желісін шығарады

09:45, 27 наурыз 2017

Союзмультфильм балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер шығаратын жаңа жобаны іске қосады. Бұл туралы «Союзмультфильма» басқармасының төрағасы Юлиана Слащева Мәскеу мәдени жобасында хабарлады.

Сонымен қатар, компания «Союзмультфильмнің» имидждік рейтингісін көтеру мақсатында танымал қоғам қайраткерлеріне де арналған бренд киімдер шығарады.

Юлиана Слащеваның айтуынша, бұл жобаны іске қосу компанияның қаржылық жағынан қарағанда, рейтингісін көтеруге көп ықпал етеді. Өзінің жеке киім брендін қалыптастыру туралы ой Юлиана Слащеваға «Ну, погоди!» жазуы жазылған свитшот киіп түскен суретін әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін туған.

Тіркелушілердің белсенді сұранысы басқарма басшыларын таң қалдырған. Содан кейін, қызықты идеяны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Киімдерді сәндеу үшін танымал мультфильмдердің кейіпкерлері мен анимациялық батырлар пайдаланылады.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!