Сомалидегі жарылыс құрбандарының саны тағы артты

14:27, 15 қазан 2017

Сомали астанасы Могадишода 14 қазанда болған жарылыстан 53 адам қаза тапты.

Бұл туралы Associated Press елдің қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Могадишоның Ходан ауданындағы қонақүй маңында жойқын жарылыс болды.

Бұған дейін қайғылы оқиға салдарынан 40 адам көз жұмғаны айтылған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!