Сомалиде жарылыс құрбандарының саны артты

22:35, 15 қазан 2017

Сомали астанасы Могадишода 14 қазанда болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 231-ге жетті.

Бұл туралы RT агенттігі хабарлады.

Ал жараланғандардың қатары 275-ке жетіп отыр. Бұған дейін құрбандардың саны 189 болғандығын хабарлаған едік.

Естеріңізге салайық, 14 қазанда Могадишода Ходан ауданынындағы қонақүй маңында жарылыс болған еді. Қаскөйлер жарылғыш тиелген көліктің күлін көкке ұшырған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!