Сомалиде лаңкестік жарылыстан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті

08:07, 16 қазан 2017

Могадишо қаласында болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті.

Бұл туралы Сомалидің ақпарат министрі Абдирахман Осман твиттерде хабарлады.

Ол твиттерде: «Қазір қаза тапқандар саны 276 адамға жетті, тағы 300-ге жуық адам жараланды», — деп жазды. 

Естеріңізге сала кетсек, осы жойқын жарылысты ұйымдастырған «Аш-Шабаб» тобы 2012 жылы «Аль-Каида» лаңкестік ұйымына қосылған еді.

@engyarisow

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!