Словакияны тұңғыш рет әйел президент басқарады

09:47, 1 сәуір 2019
324

Словакияда 45 жастағы адвокат Зузана Чапутова президент сайлауының екінші турында жеңіске жетіп, мемлекет басшысы лауазымына сайланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол 1993 жылы тәуелсіз ел атанған Словакияның бесінші президенті әрі ел тарихындағы тұңғыш әйел президент болды.

Оған президент өкілетттігі 15 маусым күні Андрей Кискадан ауысады. З.Чапутоваға екінші турға қатысқан сайлаушылардың 58,4% дауыс берген. Әсіресе оны Братислава қаласы мен Братислава өлкесінің тұрғындары қолдаған (73,74%).

Сайлауға 5,44 млн тұрғыны бар ел сайлаушыларының 41,8%-ы қатысқан.

Зузана Чапутова 1973 жылғы 21 маусымда Братиславада туған, сондағы Коменский атындағы университеттің заң факультетін бітірген.

З.Чапутова заңгер дипломын алған соң адвокат болып жұмыс істеген. Ол негізінен әйелдер мен балаларды, мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың қызметкерлерінің құқықтарын қорғаумен айналысқан.

Зузана Чапутова
© AP Photo/Petr David Josek


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!