Сириялық босқындар еліне оралды

11:01, 23 сәуір 2019
346

Сирияға Иордания мен Ливаннан бір тәулікте 1 мың 203 босқын оралды. Бұл туралы ресейлік тараптарды татуластыру және босқындар көшіп-қонуын бақылау орталығының ақпараттық бюллетенінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қайтып келген босқындардың 361-і әйел және 614-і бала. Одан бөлек орталықтың хабарлауынша, Сирия инженерлік бөлімшелері бір күн ішінде Деръа мен Дамаск елді мекендеріндегі 3 гектар аумақты минадан тазартқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде 29 жарылғыш табылып, жойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!