Сирияда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырады

16:14, 3 мамыр 2018

Сирияда ресейлік Су-30СМ жойғышы апатқа ұшырады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Апат Астана уақытымен 12:45 кезінде Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан жойғыш биікке көтеріле бастағанда Жер орта теңізі үстінде болған, деп хабарлайды РИА Новости Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Ұшақ үшін соңғы демі қалғанша күрескен қос ұшқыш, оқиға орнынан берілген мәлімет бойынша, қаза тапты", — деп мәлімдеді ведомство.

Бастапқы деректерге сүйенсек, ұшаққа ешкім шабуылдамаған – жойғыштың қозғалтқышына құс кіріп кетсе керек.

Ресей ұшағының Сириядағы соңғы жойқын апаты наурыз айында болған еді. Ол кезде Хмеймим аэродромына қонар кезде Ан-26 ұшағы құлаған болатын. Борттағы 33 жолаушы мен алты экипаж мүшесі қаза тапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!