Сирияда химиялық қару қолдану оқиғасын тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін

15:14, 24 қазан 2017

Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирияда химиялық қару қолдану оқиғасын тексеру мерзімін ұзартуды дауысқа салады.

Бұған дейін АҚШ-тың халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли тиісті қарар жобасы дайын екенін  мәлімдеген. 

Еске салсақ, химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Хан-Шейхун қаласында биыл 4 сәуірде зарин немесе  соған ұқсас улы зат қолданылғанын растады. 

Сирия оппозициясының хабарлауынша, улы газдан кемінде 80 адам қаза  тапқан. АҚШ химиялық қарумен шабуылды. Сирия билігі жасады деп отыр. Дамаск бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!