Сирия үкіметінің әскері Алеппо қаласы үшін соғыстың соңғы айларында химиялық қару қолданды

21:40, 14 ақпан 2017

Мұндай мәлімдемені Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының мамандары жасады. 

Айтуларынша, 17 қараша мен 13 желтоқсан аралығында билік әскерінің тікұшақтары елді мекендердің үстінен 8 рет хлор шашқан. 

Осындай әрекеттердің кесірінен 9 бейбіт тұрғын мерт болды. Олардың төртеуі – бала. Сонымен қатар 200-ге жуық адам жараланды. 

Сондықтан құқық қорғаушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Сирия үкіметі әскеріне қарсы санкция жариялауға шақырды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!