Сирия әскерилері Хальфая қаласын лаңкестерден азат етті

23:10, 23 сәуір 2017

Cирия армиясы Хама провинциясындағы лаңкестердің ірі бекінісін талқандады.

Башар Асад үкіметіне қызмет ететін қолбасшының мәліметінше, Хальфая қаласымен қатар тағы 8 елді мекен террористер құрсауынан босатылған.

Әскери операция барысында бірнеше жүздеген содырдың көзі жойылып, олар қолданған 3 танк пен соғыс қимылдарына қатысқан 38 көлік талқандалды. 

Сондай-ақ атышулы «Джебхат ан-Нусра» террористік тобымен одақтас болған «Джейш аль-Изза» ұяшығының серкесі Али Джамаль ас-Сабаа оққа ұшты.

ТАСС

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!