Сирия билігі Меззе аэродромына жасалған соққы үшін Израильді айыптауда

12:11, 13 қаңтар 2017
105

Сирия билігі Дамасктің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Меззе аэродромына жасалған соққы үшін Израильді айыптауда. Аталған жерде бірнеше жарылыс болған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ. Сирияның үкімет әскері соққы Израиль территориясынан жасалғанын айтқан. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

Сирияның әскери қолбасшылығы бұл соққының салдары туралы Израильге ескерту жасады. 

Ал көрші ел әзірше жауап қатқан жоқ. Бұған дейін Сирия бірнеше рет Израильді соққы жасады деп айыптаған болатын. 

Алайда ресми Иерусалим бұл айыптан ақталған да емес, мойындаған да жоқ.

Айта кетейік, Меззе әуе базасы маңызды нысандардың бірі болып табылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!