Сицилия қар құрсауында қалды

17:20, 12 қаңтар 2017

Соңғы күндері Еуропа халқының есін шығарған арктикалық циклон салдарынан Италияны да қалың қар басты. Сицилияда ақ ұлпаның қалың түсуіне байланысты маңайындағы елді мекендермен бірнеше күннен бері байланыс жоқ.

Жолдарды тазарту жұмыстарына елдің әскерилері жұмылған. 

Сондай-ақ елде бірқатар тасжол жабылып, пойыздар кестесінен кешікті. Табиғаттың тосын мінезінен 8 адам зардап шеккен. 

Аяздың күшеюінен Грекияның кей ауданында төтенше жағдай жарияланды. Синоптиктер: «Суық қаңтардың соңына дейін сақталуы мүмкін», – дейді. 

Бенедетто Скинотта, Сицилия тұрғыны

-Бұл нағыз апат. Қар тазалайтын көліктер орталық көшенің өзін бір-ақ рет тазалап өтті де жоқ болды. Ал қар әлі үйіліп жатыр. Сексенге келсем де қолыма күрек алып, жолды аршып алуға мәжбүрмін. Әйтпесе аш қалатын түрім бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!