Си Цзиньпин: Сауда соғысында ешкім жеңіске жетпейді

17:15, 18 қаңтар 2017
515

«Сауда соғысында ешкім жеңіске жетпейді». Давос форумының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Си Цзиньпин осылай деді.

Жыл сайынғы бүкіләлемдік экономикалық форумның бүгін екінші күні басталды. 

Ал кеше 70 елден келген саясат және экономика мен бизнес көшбасшылары ел аузында жүрген өзекті тақырыптарды талдады. Олардың қатарында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті, Еуроодақтан Ұлыбританияның шығуы, террорлық қауіп, миграциялық ағым және тағы басқа мәселелер бар. Басқосудың мәртебелі қонағы, Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин жаһандану жаңа проблемалардың туындауына негіз болатынын айтты. 

«Бұл ретте барлық мемлекеттер бірігіп жұмыс істеуі тиіс», – дейді ол. 

Ал тәжірибелі саясаткердің Дональд Трампқа қатысты пікірі көпшіліктің көңілінен шықты.

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы 

+АҚШ жаңа Президенттің келуімен ішкі саудаға көбірек көңіл бөлуді жоспарлауда. Ал Қытай сыртқы сауда байланысына басымдық беріп отыр. Қолдампаздық саясаты жабық, қараңғы бөлмеде тығылып отырумен тең. Мемлекеттер өз пайдасын ойласа да, бұл жүйе өзге елдерге зиян тигізбеуі тиіс.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!