Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

09:30, 15 қазан 2020
370

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды, бірақ кіммен екенін нақтыламады, деп хабарлайды zakon.kz Синьхуаға сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскерлерін тексеріп, әскерді "жоғары дайындық жағдайын сақтауға" және "толығымен адал, таза және өте сенімді" болуға шақырды.

- Армияны нығайту болашақ бесжылдықтың міндеттерінің бірі болады. Біз қазіргі жағдайға арқа сүйеп, болашақты дұрыс бажайлап, қарама-қайшылықтар мен нақты қажеттіліктерді байыпты зерделеп, теңіз жаяу әскерлерін күшейтуді жоспарлауымыз керек, - деді Қытай басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!