Швейцарияда шатыры мен қабырғасы жоқ қонақ үй ашылды

17:21, 9 тамыз 2018

Швейцарияның Тоггенбург округінде шатыры мен қабырғасы жоқ қонақ үй ашылды. Бұл ерекше қонақүйге бір түнеу үшін 103 мың теңге төлейсіз, – деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Design Boom-ға сілтеме жасап.

Яғни сіз қонақ үйде һәм ашық аспан астында жатасыз. Әзірше тек үш бөлме бар мұнда. Қонақтардың бөлмесіне кофе шынысы, таңғы ас, алкогольсіз сусындар қойылған. Сондай-ақ ауа райы өзгерген кезде жағдай жасап беретін қызметтер көрсетіледі.

Жауын-шашын мен найзағай кезінде меймандар қонақүйден алыс емес тамда түней алады. Қонақүй ашылған кезден бастап көпшіліктің қызығушылығын тудырып, шет жақтардан адамдар ағылып келіп жатқан көрінеді. Біле жүріңіз, ерекше қонақүйде түнеу үшін алдын ала жазылу керек.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!