Швецияда корольдік отбасының аса бағалы заттарын ұрлап кетті

10:42, 1 тамыз 2018

Швеция полициясы сейсенбі күні кешкісін Стренгнес соборында корольдік отбасының аса бағалы заттары ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Time-ға сілтеме жасап.

Ұрланған заттардың арасында король IX Карл мен оның жұбайы Кристинаның тәжі болған.

Полицияның дерегі бойынша, ұрлықшылар Стокгольмның батысында орналасқан соборға байланған моторлы қайықпен жасырынған.

Полиция қайықпен және тікұшақпен күдіктілерді іздестіріп жатыр.

«Біз қазір жердің бетінен де, суда да, ауада да іздеудеміз», - деп мәлімдеді полиция өкілі.

Ұрланған заттар 1611 жылы жасалған, делінген Швеция полициясының баспасөз хабарламасында.

Корольдік бағалы заттар алғашқыда Карл және Кристинамен бірге жерленген еді, бірақ кейін қазып алынып, соборға қойылды, деп хабарлады Sydney Morning Herald.

Қаскүнемдер жасырынған моторлы қайық шағын көлемде болған. Әзірге ешкім тұтқындалған жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!