Шетелдегі 70 көшеге қазақша атау берілген

23:40, 11 қаңтар 2017

Әлем бойынша қазақша атау берілген көше саны 70-ке жетіпті. Олардың ең көбі көрші – Ресейде.  

Қазақстан қалалары және қайраткерлеріміздің есімдері алыс шет мемлекеттерде де құрметтелуде. 

Атап айтсақ, Иордания, Түркия, Түркіменстан, Мысыр және Польша. Бұл тізімде Үндістан, Германия мен Венгрияда бар. 

Ондағы көшелер негізінен Абай Құнанбаев, Астана, Қазақстан сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталған. 

Келесі кезекте сыртта жиі кездесетін Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Алтынсарин, Жангелдин мен Әлия Молдағұлова және Панфилов атаулары. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!