Шекарадағы атыс кезінде 12 жасар қырғыз қызы мерт болды

09:38, 30 сәуір 2021

© Сурет: kg.akipress.org

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде 12 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлады Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Жәлелидин Рахматуллаев, деп хабарлайды zakon.kz.

АКИpress агенттігіне хабарлағандай, Лейлекте 2008 жылы туылған қыздың өлімі тіркелді.

Барлығы 51 жәбірленуші ауруханаға түсті. Барлық медициналық көмек көрсетіледі. Медицина қызметкерлері Ош пен Бішкектен келді, қосымша төсектер орналастырылды. Қажет болса, зардап шеккендерді әрі қарай емдеу үшін Бішкекке жібереміз, - деді Жәлелидин Рахматуллаев 29 сәуірде түнде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!