Шартарап: Сомали халқы лаңкестікке қарсы шеруге шықты

10:31, 19 қазан 2017

Сомалиде мыңдаған тұрғын ел астанасы Могадишо қаласындағы лаңкестікті айыптап, наразылық шеруіне шықты. Ереуілшілердің дені жақындары мен достарынан айырылған халық.

Тәртіп сақшылары ашынған жұртты тоқтатпақ болып, кемінде екі адамды  жаралады.

Еске салсақ, Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 300-ден астам адам қаза тапты. Тағы 400-і жараланды. Шаһардағы жарылыс – ел тарихындағы ең үлкен қырғын. Шабуылды елдегі лаңкестік топтардың ешқайсысы мойнына алған жоқ. Алайда биліктегілер бұл жантүршігерлік оқиғаға «Аш-Шабаб» радикалды тобы кінәлі деп отыр. 

Қытайда қолайсыз ауа райы салдарынан 800 адам көз жұмды  

Қытайда жыл басынан бері қолайсыз ауа райы салдарынан 800-ге жуық адам көз жұмды. 90 адам хабар-ошарсыз  кеткен. Табиғи апаттар ел бюджетіне 47 млрд АҚШ доллары көлемінде шығын келтірді. 139 мың  тұрғын үй қирап, 4,7 млн адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Жалпы биыл ел аумағында 20 тайфун тіркелді. Таяуда «Ханун» дауылы соғып, нөсер жауын  салдарынан лай көшкіні жүріп өтті. Гуандун, Хайнань мен Фуцзянь провинцияларында  900 мың адам зардап шекті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!