Шартарап: АҚШ Сириядағы күрд жасақтарын қаруландырмақ

19:00, 10 мамыр 2017
595

АҚШ-та федералдық тергеу бюросы директорының орны бір күнде босап қалды. Джеймс Комидің отставкаға жіберілуіне не себеп? 

Зайнұр Байжігіт, тілші: 

-Президент Дональд Трамптың пікірінше, ол федеральдық бюроны басқаруға қабілетсіз. Дегенмен сарапшылар: «Мұның астарында басқа сыр жатыр», – деп санайды. 

Ақ үй Джеймс Комидің орнына кімді жіберетінін әзірге шешкен жоқ. Оның міндетін орынбасары Эндрю Маккабе уақытша атқармақ. Қызметінен кеткенін теледидардан естіген федеральдық тергеу бюросының бұрынғы директоры мұны алдымен қалжың деп ойлаған. Бірақ кейін оның Хиллари Клинтонның жеке поштасына қатысты дауды дұрыс тергемегені үшін отставкаға жіберілгені анықталды.  Джеймс Коми Трамптың сайлау штабы мүшелерінің Ресеймен байланысын тексеріп жатқан еді. Сарапшылар: «Америка басшысы оны қызметінен босату арқылы тергеуді тоқтатуды көздеп отыр», – деп санайды.

АҚШ Сириядағы күрд жасақтарын қаруландыратын болды. Құрама Штаттарының мақсаты – Ракка қаласынан «Ирак және Левант» лаңкестерін ығыстыру. Содырлар бұл шаһарды өз астанасы ретінде жариялаған еді. Ал күрд жасақтары – Американың экстремистерге қарсы соққы беруде қолдайтын аймақтағы жалғыз серіктесі. Дегенмен Вашингтонның бұл шешіміне Түркия үзілді-кесілді қарсы. Ресми Анкара: «Олардың өз алдына мемлекет болуды көксейтін «Күрдістан жұмысшылар партиясы» ұйымымен байланысы бар», – деп санайды. 

Чили астанасы Сантьягода жастардың наразылық шарасы полициямен қақтығысқа ұласты. Студенттер қоршаудан секіріп, тыйым салынған жолмен жүруге әрекет қылған. Оларды тоқтатпақ болған тәртіп сақшылары сұйық су шашып, көзді жасаурататын газ қолданды. Ондаған адам қамауға алынған. Көшеге шыққан жастар жоғарғы білімнің тегін болуын талап етіп отыр. Айта кетейік, 2015 жылы ел парламенті тиісті заң қабылдаған. Бірақ жастардың басым бөлігі бұл жеңілдіктерді әлі қолдана алмай отырғанын айтады.

АҚШ-тың Ұлттық ғарыш айлағы НАСА Марста жылыжай тұрғызып жатқанын хабарлады. Мұнда олар ауа райы мен топырақты дәл жердегідей жағдайға келтірмек. «Сондықтан жылыжайда өсірілген көкөніс пен жеміс-жидектер құнарлығын жоғалтпайды», – дейді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!