Сьерра-Леонеде лай көшкінінен қаза тапқандар саны 300-ден асты

11:59, 15 тамыз 2017

Сьерра-Леонеде 310-нан астам адам лай көшкіні салдарынан қаза тапты.

Олардың 60-қа жуығы балалар. Жергілікті билік көз жұмғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, апат Риджент қалашығында болған. Лай көшкіні жүздеген үйді қиратып кеткен. Қирандылардың астында қалып қойған тұрғындарды әскерилер іздестіріп жатыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!