Селфиге түскендер. Үндістанда найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты

14:17, 12 шілде 2021
873

© Сурет: pexels.com

Үндістанда солтүстіктегі Жайпур қаласында найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Известия" басылымының хабарлауынша, құрбандар ХІІ ғасырдағы Амер Форт күзет мұнарасының жоғарғы жағына шығып, жаңбыр жауып тұрғанда селфиге түскен, бұл - танымал туристік орын.

Оқиға болған кезде ол арада шамамен 27 адам болған. Олардың кейбіреулері, басылымның мәліметінше, жерге секіріп түскен, - дейді басылым.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір