Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды

09:27, 14 мамыр 2018
366

Үндістанда сауда орталығына келушілердің бірі он айлық баласын эскалатордан құлатып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РЕН-ТВ сайтына сілтеме жасап.

Кадрдан ерлі-зайыптылардың эскалаторға мінгенін көруге болады. Әйелдің қолында нәрестесі болған.

Куәгерлердің айтуынша, осы сәтте күйеуі әйелінен селфиге түсіруді өтінген. Сол кезде әйел тепе-теңдігін сақтай алмай, теңселіп кетіп, баланы қолынан түсіріп алған.

Дереккөзінің хабарлауынша, эскалатордан құлаған бала шетінеп кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!