Сәбиді бір тепкен ер адамның кім екені анықталды

09:23, 4 желтоқсан 2017
494

Бішкек қаласы Октябрь ауданы ішкі істер басқармасы көшеде баланы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Желіде пайда болған видеода ер адам жерге құлаған сәбидің ішінен бір теуіп жібереді. Видеоға сипаттамада жазылғандай, ролик сенбі 2 желтоқсан күні Бішкектегі "Ұлан-2" шағын ауданында түсірілген. Жедел қызметкерлер күдіктіні видео жарияланғаннан кейін келесі күні ұстады.

"2017 жылғы 2 желтоқсанда Октябрь ауданы ІІБ видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, ұстады. Ол Бішкектің 1967 жылғы тұрғыны болып шықты",- делінген хабарламада.



Полиция мәліметінше, күдікті – баланың әкесі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған.

Фото: Sputniknews.kz


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!