Саяхаттап жүргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр

10:14, 7 желтоқсан 2018
330

Ұлыбританиялық отбасы өздерімен бірге түрлі елге барып, өмірінде болып жатқан жайттарды суретке түсіретін кәсіби фотосуретші әрі саяхатшы іздестіріп жатыр. Саяхаттап жүргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр. Олардың хабарландыруы Perfocal агенттігінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бізбен бірге әлемді аралап, түрлі шараларда суретке түсіретін адамды іздестіріп жатырмыз. Оның үш айдан аса уақыт үйінен тыс жерде жүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Біз Еуропа, Америка және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттерге саяхаттаймыз. Сонымен қатар Аустралияға барамыз», – дейді жұмыс берушілер.

Сондай-ақ, олар мұндай жұмысты бір жылдық мерзімге ұсынатынын және айына 7 мың еуро (2 млн 900 мың теңгеден аса) төлейтінін айтты.

Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!