Сауд Арабиясының сақшылары Меккедегі лаңкестіктің алдын алды

09:30, 24 маусым 2017

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері жұма күні мұсылмандардың басты қасиет тұтатын орыны - Қағбаға жасалмақ болған лаңкестік шабуылдың алдын алды.

Мәлім болғандай сақшылар Меккедегі басты мешіттің маңындағы Аджьяд ауданында лаңкестердің ұяшығы барын анықтаған. Оларды қолға түсіру операциясы кезінде лаңкестер қарулы қарсылық көрсетіп, біреуі өзін жарып жіберген. Жалпы 11 адам жарақат алған, оның бесеуі - қауіпсіздік күшінің адамдары.  

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!