Сауд Арабиясының ханзадасы көз жұмды

10:36, 17 тамыз 2017
536

Сауд Арабиясының патша сарайы Бандар бин Фад бин Саад бин Абдулрахман Аль Сауд ханзадасы көз жұмды деп мәлемдеді. Бұл туралы SPA Сауд Арабияның ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ханзада сәрсенбі қайтыс болды, бейсенбі күні марқұмға дұғалар оқылады. Оның қайтыс болу себебі жайлы хабар жоқ.

Еске сала кетейік, 8 тамызда патша сарайы тағы бір Сауд Арабиясының ханзадасы Сальман бен Абдаллах бен Турки Аль Саудтың қайтыс болғаны жайлы хабарлаған болатын. Eremnews агенттігі ханзада 26 жаста болғанын және ұстамалы жүрек ауруынан көз жұмғанын мәлімдеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!