Сауд Арабиясы қаржы тарту мақсатында алғаш рет сән апталығын өткізді

10:53, 13 сәуір 2018

Сауд Арабиясында алғаш рет сән апталығы өтті. Әйелдері басынан аяғына дейін қымталған көйлек киетін ел үшін бұл тың әрі тосын бастама, деп хабарлайды Хабар 24.

Ел ханзадасы Мухамед ибн Салман қыз келіншектерге салынған бірқатар тыйымның күшін жойды. Мысалы ол бұған дейін нәзік жандыларға көлік тізгіндеуге және кинотеатрға баруға рұқсат еткен еді. Ұйымдастырушылар мұндай сән апталықтары дәстүрге айналып, Сауд Арабиясына инвестиция көптеп тартылады деген үмітте.

Алайда бұл сұлулық шарасына ер азаматтар қатыса алмайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!