Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды

18:57, 23 қыркүйек 2020

1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа қажыларды қабылдай бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел билігі әл-Харам мешітіне (әлемдегі басты және ең үлкен мешіт, оның ауласында исламның басты қасиетті орны - Қағба бар) баруға қойылған шектеулер біртіндеп алынып тасталатынын хабарлады.

Шектеу кезең-кезеңмен жойылады. 4 қазаннан бастап әл-Харам мешітіне Сауд Арабиясының тұрғындары ғана бара алады, күніне 6 мыңға жуық адам. 18 қазаннан бастап жергілікті қажылар саны 15 мыңға дейін артады. Ал 1 қарашадан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелдіктерге де кіші қажылыққа рұқсат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты қажылыққа тыйым салды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!