Сарапшы смартфонға бұзып кірудің белгілерін атады

12:49, 6 қараша 2021
1059

© Сурет: pixabay.com

Angara ресейлік компаниялар тобының Бизнесті дамыту жөніндегі техникалық директорының орынбасары Руслан Косарим смартфонға сырттай бұзып кірудің негізгі белгілерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, смартфонның кез келген аномальды немесе күдік туғызатын қалыптан тыс әрекеті киберқылмыскерлердің смартфонға бұзып енуін білдіруі мүмкін. Мысалы, батареяның тез ток тартуын айтуға болады. Егер батарея тезірек отыра бастаса, онда оған тыңшылық вирус "жұққан" болуы мүмкін, оның фондық белсенділігі батареяның жүктемесін арттырады, - дейді Косарим "Прайм" агенттігіне берген сұқбатында.

Сарапшы түсіндіріп өткендей, иесі орнатпаған әрі оны жою немесе жабу мүмкін емес жаңа қосымшаның смартфон бетінде пайда болуы да дәлел болуы ықтимал.

Сондай-ақ автоматты өшіру, антивирусты іске қосудың мүмкін болмауы, күдікті хабарландырулар және шоттан ақшаны негізсіз есептен шығару да смартфонға бұзып кірудің белгілері бола алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!