Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір ойлап тапты

10:54, 12 желтоқсан 2017

Оңтүстік Кореядағы Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір моделін патенттеп алды, - деп жазады Sn.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жемпір адам қолының қозғалысынан энергия өндіреді екен. Ол үшін күртенің жеңіне ұялы телефон иесінің белсенділігін есептейтін арнайы құрылғы орнатылады. Ал аккумулятор арқа тұста орналасқан.

Әзірге оның көлемі туралы мәлімет жоқ. Жоспар бойынша қуаты аса үлкен емес батареялар пайдаланылмақ. Сарапшылар «ақылды» жемпір қаңтар айында Лас-Вегаста өтетін CES-2018 жәрмеңкесінде таныстырылады деп болжап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!