Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады

09:27, 14 қыркүйек 2018

Каирде сақал қоятын полиция офицерлері сот шешімімен жұмыстан қуылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Мысыр заңына сәйкес, тәртіп сақшылары сақал мен шаш өсіріп, өзінің діни сенімін жұртқа жария қылмауы тиіс.

2012 жылы Мысырда билік исламшылдардың қолына өткеннен кейін сақал қоятын полицейлер сот арқылы діни сенімінен бас тартпауға мүмкіндік алған еді.

Дегенмен енді Ішкі істер министрлігі басшылығын сақал қойғаны үшін жұмыстан қуылған полиция офицерлерін қызметіне қайтарып, бұрынға шендерін қалпына келтіруге міндеттеген әкімшілік соттың шешімі күшін жойды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!