"Саған да жоқ!". Екі баласын құшақтаған ер адам терезеден секіріп кетті

10:05, 2 қазан 2019
385

Саратов қаласындағы көпқабатты үйден екі баласын құшақтап, ер адам секіріп кетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі аймақтағы РФ Тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қазіргі уақытта ер адам мен екі баланың көп қабатты ғимараттың биіктігінен құлағаны белгілі. Біздің қызметкерлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, барлық жағдайлар анықталуда, - деді агенттіктің дерек көзі.

Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ер адам мен балалардың бірі оқиға орнында қайтыс болған. Яғни, тек бір бала аман қалған.

"Бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті", - деді ақпарат көзі.

Өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Загородная ер адам екі баланың әкесі екенін айтты.

Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, ер адам балалардың әкесі. Балалардың бірі – бір жасар ұл, екіншісі - төрт жасар қыз бала, - деді Загородная.

Ол барлық жағдайлар әлі де анықталатынын, омбудсмен жағдайды өзінің жеке бақылауына алғанын айтты.


Источник: zakon.kz


Пікір