Садыр Жапаров Қырғызстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті

15:02, 28 қаңтар 2021
2127

Садыр Жапаров Қырғызстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті. 28 қаңтарда Бішкектегі ұлттық филармонияда Жапаровтың инаугурациясы өтіп, мемлекет басшысы ретінде ант берді.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Президент ретінде алғаш сөз сөйлеген Жапаров мойнына "өте ауыр жауапкершілікті" алып отырғанын атап өткен. Елдің қиын жағдайда тұрғанын еске салып, мемлекет бюджетінің қысқаруы, мемлекет қарызының өсуі, энергетика саласындағы дағдарыс мәселелеріне тоқталған. Халықты мәселелерді бірігіп шешуге шақырған. Ол елдегі барлық саяси күштерді де бірлікке үндеген.

Қырғызстанның алтыншы президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясына мыңнан астам адам - заң шығару, сот, атқару билігінің өкілдері, экс-президенттер, халықаралық ұйымдар мен көрші елдерден келген қонақтар қатысты.

Бұған дейін инаугурация рәсіміне Қазақсанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев шақырылғаны хабарланған еді. Алайда Назарбаевтың өзі шараға келмеген. Оның құттықтау хатын рәсім кезінде Жансейіт Түймебаев оқып берген.

Садыр Жапаров былтыр қазан айындағы оқиғадан кейін билікке келген. Қараша айында президент сайлауына қатысқысы келетінін мәлімдеп, премьер-министр өкілетінен бас тартқан. Президент міндетін уақытша атқаруды да тоқтатқан.

10 қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, оған 17 кандидат қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, Садыр Жапаровқа сайлауға қатысқандардың 79,20 пайызы дауыс берген. Жапаров кеңсесі үкімет үйінде орналасады. Осыған дейін президенттер жогорку кеңеш ғимаратында істеп келген еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!