Саакашвили аштықты доғаратынын мәлімдеді

23:49, 11 қараша 2021
706

© Сурет: Instagram/saakashvilim

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жариялаған аштығын доғару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС саясаткердің адвокаты Николоз Гварамиға сілтеме жасап хабарлады.

Менің жариялаған аштығым қазірдің өзінде орыстар мен қазіргі биліктің маған қарсы қаруына айналып барады. Сондықтан үндеулерге құлақ асып, аштықты доғаруды жөн көрдім, - деді Михаил Саакашвили.

Бұған дейін Грузия билігі Саакашвилидің Глдан түрмесінің ауруханасына күштеп жеткізілгені туралы видео жариялаған. Елдің арнайы қылмыстық атқару қызметі экс-президенттің медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, құрал-жабдықтарды бүлдіргенін хабарлады.

Бұл ретте экс-президент аштық жариялау кезеңі Грузиядағы жеке клиникалардың бірінде өтетін болса, онда оны доғарамын деген шарт қойды. Сондай-ақ ол құзырлы органдардан аштықтан соң өзін оңалту ем-шарасы қандай емдеу мекемелерінде өткені дұрыс екенін айтуы үшін дәрігерлерді кеңесуге шақыруды талап етті.

Бір күн бұрын Грузия билігі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың Саакашвилиді түрме ауруханасынан жеке емханаға ауыстыруы туралы талабын қанағаттандырмағанын, керісінше оған аштықты доғаруды сұрағанын хабарлады.

Михаил Саакашвили 1 қазанда ұсталды. Ол сегіз жыл эмиграциядан кейін Грузияға наразылық шерулеріне қатысу үшін оралды. Саясаткер отанында сырттай алты жылға сотталған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!