Роналду жаттығу алаңына көзі көгеріп келді

15:47, 6 қыркүйек 2018
348

Туриндік "Ювентустың" португалиялық форварды Криштиану Роналду жаттығу алаңына көзі көгерген күйде келді. Мұны клубтың ресми сайтында жарияланған суреттерден көруге болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

5 қыркүйек күні түсірілген суреттерден португалиялық шабуылшының сол жақ көзінің асты көгеріп тұрғанын байқауға болады. Бұған Италия чемпионатында "Пармаға" қарсы ойын барысында көзіне тиген соққы себеп болуы мүмкін.

Туриндік клубқа келгелі форвард гол соғып көзге түспеді. Биылдыққа Роналду А сериясында үш матч өткізіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, 33 жастағы португалиялық шілде айында италиялық клуб қатарына қосылды. Кейін "Ювентустың" трансферге 100 миллион еуро жұмсағаны хабарланды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!