Рио-де-Жанейро азаматы өзі салған құм сарайында 22 жылдан бері өмір сүріп келе жатыр

12:00, 10 мамыр 2018

44 жастағы Марцио Матолиас (Marcio Matolias) Рио-де-Жанейро көшелерінде үйсіз ұзақ жыл тұрған. Бір күні танысы оған құмнан қалай үй салу керек екенін үйретеді.

Осылай Марцио өзіне жағажайдан сарай салып алды.

Оның ерекше өмірін тамашалауға келген туристерге өзін "жағажай патшасы" деп таныстырады екен.

Сондай-ақ, Марцио басына алтын түстес тәж киіп жүреді. Марцио күнделікті тамағын туристер мен оларға сатқан кітаптар есебінен табады.

Оның айтуынша құмнан салынған болса да, қабырғалары кітапқа толы сарай – әлемдегі ең ыстық мекені. Қала әкімшілігі Марцио ісінде ешқандай заң бұзушылық жоқ екенін және қала тұрғындарына жыл сайын Марцио сияқты түрлі фестивальдер кезінде құмнан сарайлар салуды айтып келе жатыр.

Рио-де-Жанейро қаласында пәтер жалдап тұру орташа айлықтан екі есе қымбат. Сондықтан Марцио Матолиас сияқты баспанасыздар өте көп.

Дереккөзі: massaget.kz


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!