Римде туристер мінген автобус көпірге соғылды

08:30, 14 тамыз 2017
574

Римде Франция және Британиядан келген туристер мінген автобус көпірге соғылып, салдарынан 18 адам жараланды.

Жараланғандар арасында 10 жасар бала болған. Олар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың үшеуі ауыр халде жатыр. 

Ақпаратқа сәйкес, автобус жүргізушісі шетел азаматы болып шықты. Ол жолдағы арнайы белгіге назар аудармай өтіп, өзі тізгіндеп келе жатқан автобустан биіктігі жарты метр төмен көпірдің астынан өтпекші болған.

Апат болған жерде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ANSA

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!