РФ Бас штабы қандай жағдайда ядролық соққы берілетінін жариялады

11:52, 7 тамыз 2020
432

Ресей ядролық ұстаным саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздерінде "қызыл сызықты" белгіледі, оны бұзған жағдайда дұшпанға қарсы жойқын соққы беріледі, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы РФ Қарулы Күштері Бас штабының Бас шұғыл басқармасының бастығы, генерал-майор Андрей Стерлин мәлімдеді.

Маусым айының басында РФ президенті Владимир Путин Мәскеудің жауапты соққы беру жағдайларын қарастыратын ядролық ұстаным саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздерін бекітті.

Ресейдің Негіздерінде "қызыл сызықтар" белгіленген, біз оларды ешкімнің кесіп кетпеуіне кеңес береміз. Егер кім де кім бұған тәуекел жасаса, онда, сөзсіз, жауапты соққы беріледі, - деді Стерлин.

Генерал-майор бұл жағдайда Ресейдің әскери-саяси басшылығы туындаған жағдайға қарамастан нақты қадамдарын айқындап, жариялайтынын айтты.

Сондай-ақ бұл арада Стратегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту және оны шектеу туралы келісімнің (СНВ-3) тоқтатылуы әлемді ядролық апатқа ұшыратуы мүмкін екендігі де айтылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!