Ресейлік танымал әнші қаңғыбас болып кетті

17:02, 10 шілде 2018
460

Ресейлік танымал әнші қаңғыбас болып кетті. Бұл туралы ол «Привет, Андрей» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Әншінің сөзінше, ол пәтерін 2003 жылы 100 мың долларға сатып алған. Ол кезде Шура есірткіге тәуелділікпен күресіп жүргендіктен, пәтерін басқа адамның атына жазған.

«Туған күн кезінде дүкенге су алуға бара жатсам, ол жерде екі жас жігіт тұр. Қолдарында менің пәтерімнің құжаттары бар. Олар маған: «Кешіріңіз, бұл үйді қарызының өтемі ретінде берген. Ендігі оған басқа адамдар көшіп келеді. Бұл заңды түрде», – деп айтты», – дейді әнші.

Сондай-ақ, әнші 43 жасқа толғанда қаңғыбас атанғанын айтты.

«Мен өз пәтерімде көп жыл бойы тұрып келдім. Оны қатты жақсы көрдім. Қайда кететінімді ойластыру үшін, 2 айым алды. 43 жасқа толғанда қаңғыбас атандым», – дейді Шура.

Өз кезегінде әнші өзіне екі ай бойы пәтерінде қала тұруға мүмкіндік бергені үшін, үйдің жаңа иелеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар ипотекаға үй алғалы отырғанын айтты.

Шура (шын есімі Александр Медведев) 1990 жылдары танымал болған еді. Оның «Отшумели летние дожди», «Твори добро», «Холодная луна» және «Ты не верь слезам» әндері кең танымалдыққа ие болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!