Ресейлік футболшының интим видеосы желіге тарап кеткен
"Зенит" пен Ресейдің футбол құрамасының капитаны Артём Дзюба ұлттық құраманың матчтарынан шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz Ресей құрамасының телеграм-каналына сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде Дзюбаның интимдік сипаттағы видеосы пайда болған.
"Артем Дзюбаға қатысты жағдайдың спорттық тұрғыдан Ресей құрамасына ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан біз бұл жайтты егжей-тегжейлі бағалап, түсініктеме берудің қажеті жоқ деп санаймыз <...>. Осыған байланысты бүгін командаға да, ойыншыға да психологиялық қысым түсірмес үшін Артём Дзиубаны қазіргі оқу-жаттығу жиынына шақырмау туралы шешім қабылданды", - деді Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов.
Футболшы видео тарағаннан кейін инстаграм парақшасын жойған. Енді футболшының аккаунтына жазылу мүмкін емес, дегенмен оған бұрын жазылғандарға парақша қолжетімді.
Оған қоса Дзюба Instagram-дағы барлық жазбасы астына жазба қалдыруға шектеу қойған.
Baza-ның мәліметі бойынша, Дзюбаның телефонын хаккерлер бірнеше апта бұрын бұзған. Оның атына видеоға қатысты арыз-талап түскен жоқ. Осы оқиғадан кейін Дзюба телефонын тазартқан, бірақ, хаккерлер оның ішіндегінің барлығын көшіріп үлгерген секілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады