Ресейлік делегация Путин мен Лукашенконың кездесуіне жете алмай қалды

17:25, 7 ақпан 2020

Ресей үкіметінің делегациясы отырған ұшақ сол күйі Сочиге жете алмады. Онда бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездескен еді, деп хабарлайды РБК.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге ұшақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын айтқан. Осылайша қос елдің басшысының кездесуі делегация құрамынсыз басталып кетті.

Кездесуде екі ел ынтымақтастығына қатысты күнтәртібінде тұрған мәселелерді қарау жоспарланған. Атап айтқанда, үш блок бойынша: мұнай, газ және салық мәселелері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!