«Ресейге кетіңдер!». Зеленский Украинадағы орыстарға жөн сілтеді

12:29, 16 қаңтар 2020
767

Украина президенті Владимир Зеленский украин жерінде тұрып, өзін "орыс"» санайтын барлық ресейшілдердің Ресейге кетуін ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ресейлік төлқұжаты бар украиналықтар "жолынан адасып", басқа елде жүрген сапаршы ғана екен. Ондай адамдардың мәселесі үшін бас қатырмайтынын айта келіп, ол ресейшіл отандастарынан бас тартатынын айтты.

"Кім Ресейді қолдаса, сонда көшіп кете алады. Ресей төлқұжат таратып жатыр. Әрбір адам өзі қалаған елінде өмір сүрсін", – деді ол еуропалық Der Spiegel, Le Monde, Time және Gazeta Wyborcza басылымдарына берген сұхбатында.

Бұған дейін Жоғарғы рададағы "Оппозициялық платформа – өмір үшін" фракциясының депутаты Илья Кива "Украина президенті мен оның командасы ұстанған саясат ұлтты ыдыратып, жоғалтуға әкеледі" деп айыптаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!