Ресейдің вакцинасы күмәнді – АҚШ-тың бас инфекционисі

10:20, 12 тамыз 2020

АҚШ-тың аллергиялық және жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи Ресей Денсаулық сақтау министрлігі тіркеген коронавирусқа қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина қауіпсіз және тиімді болып шықса екен, деп үміттенеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың бас инфекционисі бұл пікірін National Geographic телеарнасы ұйымдастырған сарапшылар пікірсайысы кезінде айтты.

"Ресейліктер бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін растаған болар, деп үміттенемін. Алайда мен олардың мұны шын жасағанына үлкен күмән келтіремін", - деді Фаучи.

Вакцинаны әзірлеу бір бөлек, ал оның қауіпсіздігі мен тиімділігін растау – бір бөлек мәселе. Біз қазір кемінде алты вакцина жасаумен айналысып жатырмыз. Келесі аптада-ақ тәуекелге барып, жете тексерілмеген вакцинаны халыққа біз де ұсына аламыз. Бірақ олай етуге болмайды, - деген Фаучи АҚШ-та қабылданған сертификатау процедурасы туралы айтып отырғанын меңзеді.

Шілде айының соңында Энтони Фаучи АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакцинациялауда өзге елдерге тәуелді болмайтынын мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!