Ресейдің Өзбекстанда АЭС салу келіссөзі қиын болып жатыр

08:49, 16 қазан 2019
1041

"Росатом" мен Өзбекстан үкіметі арасында атом электр станциясын салу жөніндегі келіссөз оңай жүріп жатқан жоқ.

Бұл жөнінде "Росатом" басшысы Алексей Лихачев мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Келіссөз оңай жүріп жатқан жоқ. Ең бастысы бағасымен келісу керек. Бұл екі кезеңге созылатын шығар", – деді Лихачев.

Биыл қыркүйек айының басында Ташкентке барған сапары кезінде Алексей Лихачев Өзбекстанда атом электр станциясының құрылысын 2020 жылы бастауды көздеп отырғанын айтқан. Алайда ТАСС агенттігі хабарлағандай, құрылыс 2022 жылы басталуы мүмкін.

Қазіргі кезде ресейлік "Aтомстройэкспорт" компаниясы Жызақ облысындағы Тузкан ауданындағы көлде АЭС салу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Былтыр Ресей және Өзбекстан басшылары АЭС салу жөнінде келісімге келген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!