Ресейдің Қазақстанмен шектесетін шекаралас өңірінде құс тұмауы бұрқ етті

15:37, 3 тамыз 2020
214

Қазақстанмен шектесетін Челябі облысында құс тұмауы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Россельхознадзордың аймақтық басқармасы хабарлады: Челябинск өңірінде құс тұмауы ауруы тіркелді.

Қазір онда қауіпті аурудың таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануда.

Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың өлексесі (1 жабайы үйрек, 2 үй үйрегі және 2 үй қазысы) зерттелді. Барлық үлгілерде құс тұмауы вирусының H5N8 кіші түрінен материалдар анықталды. Осыған байланысты аталған елді-мекендерде құстарды санақтан өткізу жүргізілді. Осы көлдердің жанында орналасқан қолайсыз елді-мекендердің аумағында карантин белгіленді, эпизоотиялық ошақтар мен қауіпті аймақтар анықталды. Шаралар құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес қолайсыз аймақтарда жүргізілуде, деп хабарлады министрлік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір