Ресейді дүрліктірген маньяк телеарнаға сұқбат беріп, үйленгісі келетінін айтты

16:57, 5 наурыз 2021

© Сурет: РенТВ

"Скопиндік маньяк" деген атпен танылған Виктор Мохов түрмеден шыққаннан кейін өз құрбандарымен кездескісі келетінін айтты. Сонымен қатар, 70 жастағы қылмыскер үйленуге ниетті, деп хабарлайды zakon.kz РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ол бір жас келіншек тауып, көңіл жарастырып үлгерген.

Сондай-ақ ол көп жыл гаражында жертөледе тығып ұстап, тіпті біріне бала тудыртқан өзінің қос құрбанымен кездескісі келетінін, жүзбе-жүз олардан кешірім сұрағысы келетінін айтты.

REN TV хабарлағандай, түрмеден шыққан маньяк 5 наурыз күні түнгі сағат 2-де Скопинге келіп, үйі апатты жағдайда болғандықтан, қонақ үйге қонуға тырысқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!