Ресейдегі ең бай адам анықталды

11:48, 8 сәуір 2020
1478

Forbes журналының соңғы есебі бойынша, "Норникель" президенті Владимир Потанин ең бай ресейліктер тізімінде бірінші орынға шықты. Ол "Новатэк" қожайындарының бірі Леонид Михельсонды ығыстырды, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Потаниннің байлығы 19,7 миллиард долларға бағаланады. Журнал миллиардерлердің әлемдік рейтингінде Потанинді 41-ші орынға қойып отыр. Екінші ең бай ресейлік болып енді Новолипецк металлургиялық комбинатының басты бенефициары Владимир Лисин атанды. Оның байлығы – 18,1 миллиард доллар, әлемдік рейтингте ол 45-ші орында.

Ресейдің өткен жылғы "бас байы" Леонид Михельсон 2020 жылы 17,1 миллиард доллар жеке капиталымен үшінші орынға сырғыды, бұл кісі Forbes-тің жаһандық тізімінде 48-ші орында тұр.

Ресейдегі ең бай 10 адамның қатарына "Северсталь" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Мордашов (16,8 млрд доллар), "Лукойл" президенті Вагит Алекперов (15,2 млрд), "Новатек" пен "Сибур" директорлар кеңесінің мүшесі Геннадий Тимченко (14,4 млрд), USM Holdings-тің негізгі акционері Алишер Усманов (13,7 млрд), "Альфа-Групп" бақылау кеңесінің төрағасы Михаил Фридман (13 млрд), "Еврохимнің" тағайындау және сыйақылар комитетінің төрағасы Андрей Мельниченко (12,5) млрд) және Millhouse инвестициялық компаниясының негізгі қожайыны Роман Абрамович (11,3 млрд) кірді.

Ал жер шарындағы ең бай адам болып ​Amazon негізін қалаушы Джефф Безос танылды. Ол байлығы 100 миллиард доллардан асатын жалғыз кәсіпкер. Әлемдік тізімде екінші орында Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 98 миллиард доллар. Үшінші орынды "Louis Vuitton Moët Hennessy" компаниялар тобының басшысы Бернар Арно (76 млрд) иеленді.

2020 жылы Forbes рейтингіне 2095 бизнесмен енді, оның ішінде Ресейден 102 адам. Олардың жиынтық байлығы сегіз триллион долларға бағаланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!