Ресейде жүрген "жемқор" қазақтың есігін СОБР бұзып кірді

09:55, 20 тамыз 2019
905

Тергеушілер Ресейдегі қазақ мәдени қоғамының басшысы Ерназар Нұриевтің ісін сотқа өткізгелі жатыр. Ол үш жыл бұрын Мәскеуде өткен жыр фестиваліне бөлінген қаржыға қол салды деп күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

2016 жылы қала билігі "Алтын күз" атты қазақ ән фестиваліне шамамен 2 миллион рубль бөлген еді. Алайда ол қаражаттың барлығы бірдей өз мақсатына жұмсалмаған. Мысалы, келісімшарт бойынша сайыстың финалына өткендер Мәскеу маңындағы қонақүйде тұруы керек болатын. Бірақ тексеру кезінде фестивальге қатысушылардың ешқайсысы қонақ үй жалдамағаны белгілі болды. Ал есепте қонақүй үшін ақша төленген.

Жалпы, іс материалдары бойынша, Нұриев 400 мың рубльді еншіледі деп күдікке ілінген.

Қазақ мәдени қоғамы басшысының пәтерінде тінту жүргізілген. Тінтуге барған СОБР-дың шұғыл әрекет тобы мен сарбаздарына Нұриев есік ашпай, олар күш қолдануға мәжбүр болған. Пәтерден басы артық ақша табылмады, бірақ тергеушілер ол арадан қажетті басқа дәлелдер анықтаған.

"Әзірге тергеушілер Нұриевтің бюджет ақшасына қол сұғуы бойынша бір эпизодты ғана дәлелдей алды. Ол бойынша Нұриев өз кінәсін мойындады. Қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық әрекетке барды деген айыппен іс сотқа жолданды. Бюджет ақшасын басып қалмақ болған қазақ мәдени қоғамының басшысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді ресейлік телеарна тілшісі.

Оқи отырыңыз: Алакөлге жаман су айдаған қонақүй мына дөкейдікі болып шықты

Тағы да: "Концлагерь ғой...". Қарағандыдағы балалар лагерінің сұмдық суреттері


Источник: zakon.kz


Пікір